«Барселона» көшбасшы ойыншылардың жалақысын қысқартқысы келеді

27.03.2022, 23:16
Дәл қазіргі жағдаймен каталониялық клуб жаңа ойыншыларды қатарға қоса алмайды.
«Барселона» көшбасшы ойыншылардың жалақысын қысқартқысы келеді

«Барселона» жазғы трансферлік терезеде жаңа ойыншыларды алу үшін командадағы бірнеше футболшының жалақысын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Marca.

Дереккөздің хабарлауынша, каталониялық клуб дәл қазіргі жағдайда трансфер жасайтын болса, қаржылық фэйр-плей ережесін бұзады. Осыған байланысты «Барселона» басшылығы команда ардагерлері – Жерар Пике, Серхио Бускетс және Жорди Альбаның жалақысын қысқарту мәселесін талқыламақ.

Альба, Бускетс және Пикенің ағымдағы келісім-шарттары қайта қаралмаса, келесі маусымда «Барселона» өз ойыншыларына жалақы, бонустар мен кейінге қалдырылған төлемдерді есепке алғанда шамамен 100 миллион еуро жұмсауы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×