"Барселона" италиялық клуб "Интерге" жаңа ұсыныс тастады. Каталония командасы Лаутаро Мартинесті сатып алудың жан-жақты жолдарын қарастырып жатыр. Аргентиналық шабуылшының орнына "Барса" Артуро Видаль, Хуан Фирпо, Нельсон Семеду секілді ойыншылардың біреуін таңдап, үстінен қаржы талап етіңіздер депті. Ал "Интер" болса осының алдында Видаль мен Гризманды жалға алып, сонымен қатар, 90 миллион еуро беріңіздер деп сұрады. Гризманн мен Видальдің жалға кетуінің өзі "Барсаны" қиын жағдайға тірейді. Сондықтан да, сауда әлі де қыза түседі деп ойлаймыз.
Біздің серіктес: FONBET