3. "Барселона" Чемпиондар лигасында қатарынан 32 матч ұтылмай келе жатыр. Оның 29-ында жеңсек, тек 3 ойында тең түскен.
4. Луис Суарес "Барсаның" турнир тарихындағы 500-голының авторы атанды. Бұл көрсекіште де "блауграна" екінші келе жатыр. Бірінші орында 551 голмен Мадридтің "Реалы" келе жатыр.
5. Өзінің бұрынғы командасы "Ливерпульге" гоғылған гол Луис Суарес үшін "қарт құрлық" бәсекелеріндегі (Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы) 42 нәтижелі соққы болып отыр. Яғни, аталған көрсеткішпен турнир тарихындағы ТОП-40 шабуылшының қатарына енді.
6. "Ливерпуль - Лионель Месси гол соққан 6 ағылшын клубы атанды. Осыған дейін аргентиналық шабуылшы Арсеналға - 9, "Манчестер Ситиге" - 6, "Ман Юнайтедке" - 4, "Челсиге" - 3, "Тоттенхэмге" - 2 голдан салса, енді "Ливерпуль" қақпасын да 2 рет дәл көздеді.
7. Месси ағылшын клубтарының қақпасына 26 голын салды. Ал осы нәтижені тіркеу үшін 31 жастағы сұрмергенге 23 ойын қажет болған. Яғни, орта есеппен ойын сайын бір голдан артық соқты деп топшылауға болады. "Арсенал", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Челси" және "Тоттенхэм" сынды ТОП клубтарға гол соғудан Мессидің алдын орап келе жатқан тек 2 қана футболшы бар. Олар: Серхио Агуэро - 43, Джейми Варди - 31 гол болса, Лионель 26 голмен үшінші сатыда. Ал Леодан кейін төртінші саты да Питер Крауч - 23 голмен, Харри Кейн - 22 голмен із қуып келеді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.