«Барселона» «Манчестер Сити» шабуылшысына көз тікті

18.09.2021, 17:04
Футболшының екі жылдан кейін келісім-шарты аяқталады.
«Барселона» «Манчестер Сити» шабуылшысына көз тікті

«Манчестер Сити» шабуылшысы Рахим Стерлинг мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Sport.es порталы хабарлайды. Дереккөздің хабарлауынша, «Барселона» Англия құрамасының шабуылшысын сатып алғысы келеді.

Испаниялық клуб 26 жастағы ойыншыны қысқы трансферлік кезеңде алуға тырысады. Жазда клуб Стерлингті жалға алғысы келген еді, бірақ қос тарап келісімге келе алмады. Стерлинг осы маусымда барлық турнирлерде алты ойын өткізіп, бір ғана гол соқты.

Стерлинг «Манчестер Ситиге» 2015 жылы «Ливерпульден» ауысқан. Футболшының клубпен келісім-шарты 2023 жылдың маусымында аяқталады. Transfermarkt порталы футболшыны 90 миллион еуроға бағалап отыр. Шілдеде «Манчестер Сити» Стерлинг пен тағы бес ойыншыға жаңа келісім-шарт ұсынатыны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×