«Барселона» Мессидің трансферлік құны қанша екенін айтты

24.08.2020, 17:51
Футболшының клубтан кеткісі келеді.
«Барселона» Мессидің трансферлік құны қанша екенін айтты

"Барселона" команда капитаны Лионель Мессиге қатысты шешім қабылдады. 

Сыбыс бойынша аргентиналық футболшы командадағы жағдайға көңілі толмайды және бас бапкер Рональд Куманға клубтағы өз болашағына күмәнмен қарайтынын айтқан. Mundo Deportivo мәліметінше, Месси клубтан кету туралы өтініш жасамақ, ал "Барселона" оны қабыл алатын көрінеді. 

Каталондықтар футболшыны келісімшартты бұзғаны үшін төленетін сомманы бере алатын кез келген клубқа жіберуге дайын екен. Ал бұл аз ақша емес - 700 миллион еуро.

Мұның алдында Мессиді алғысы келетін клубтар арасында франциялық "Пари Сен-Жермен", италиялық "Ювентус" пен "Интер" аталған болатын.

Дегенмен клуб 33 жастағы Мессиді ұстап қалуға барын салмақ. Футболшының келісімшарты 2021 жылы аяқталады. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×