«Барселона» «Миланның» ивуарлық жартылай қорғаушысы Франк Кессьемен ауызша мәміле жасасты, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.
Италиялық журналисттің хабарлауынша, 25 жастағы ойыншының мұндай шешіміне каталониялық клубтың бас бапкері Хави түрткі болған. Кессье «Барселонаға» ауысу үшін Англияның қос бірдей клубының ұсынысынан бас тартқан.
Transfermarkt 48 миллион еуроға бағалаған Кессьенің жазда «Миланмен» келісім-шарт мерзімі аяқталады.
Кот-д'Ивуарлық футболшы бұл маусымда «Милан» жейдесінде 29 ойынға қатысып, алты гол соққан, сондай-ақ бір нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET