"Барселона" "Наполиді" "сезбеді"

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
13.03.2024, 05:43

ЧЛ-ның 1/8 финалындағы жауапты матч туралы ары ойланып, бері ойланып, басқа тақырып қоя алмадық. Кос команданың арасындағы бірінші ойында (бірінші кездесу 1:1) кәдімгідей тартыс болып еді.

"Барселона" "Наполиді" "сезбеді"

Шынын айтсақ, бұл жолы да сондай бірдеңе күткенбіз. Бірақ "Барселона" ширек финалға бірінші таймның 17 минутында-ақ шығып қойғандай көрінді. 2:0 деген көп емес ау, бірақ алаң иелерінің ойыны... 
Сонымен, "Барселона" бірінші таймдағы басымдығын (2:1) ойын соңына дейін жібермей, матч түгесілер тұста үшінші добын салды. Есеп3:1. 
Алаң иелерінің сапында мергендігімен дараланған Лопес 15 (1:0), Канселу 17 (2:0) және Левандовский 83 (3:1). Неапольдік клубтың жауапты матчтағы жалғыз голының авторы Ррахмани 30 (2:1). 
Сонымен, кездесу алдында командасының ойын дағдарысынан шыққанын айтқан Хави қателеспепті. "Барселона" Ла Лига емес, ендігі күшті ЧЛ-ға салады ма? Бәрі де мүмкін. Алдымен ширек финалдан өтіп алсын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×