“Барселона” Nike компаниясымен болған арадағы келісімді бұзғысы келеді екен

Каталондық “Барселона” Nike компаниясымен серіктестігін тоқтады, деп жазады Аладоп.кз.  

“Барселона” Nike компаниясымен болған арадағы келісімді бұзғысы келеді екен

Хави баптайтын ұжым америкалық компаниядан бас тарту арқылы өзіндік брендін қалыптастырмақшы. Сол арқылы клуб жейделерінің сатылымын көбейтіп, пайда табуды мақсат етіп отыр. 

Бұл ойлағанын жүзеге асыруда “Барселонаға” BLM компаниясы көмектеспекші. 

Каталондық ұжым Nike компаниясынан толығымен бас тарту жөніндегі нақты шешімді келесі аптада қабылдайды деп күтілуде. 

Қазіргі сәтте “Барселона” Ла Лиганың турнирлік кестесінде 57 ұпаймен үшінші орында келеді. Хави шәкірттері көш басында тұрған “Реалдан” 8 ұпайға қалып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×