«Барселона» - «Ньюкасл Юнайтед» кездесуіне болжам

Бүгін, 15:19

Бүгін «Барселона» Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шығып көруге тырысады.

«Барселона» - «Ньюкасл Юнайтед» кездесуіне болжам
"Ньюкасл" - "Барселона" кездесуі

Каталондықтар апта бұрынғы 1:1-ден кейін қарымта матчта «Ньюкасл Юнайтедті» қабылдамақ.    

«Барселона»

«Барселонаның» бабы керемет - соңғы бес матчтың төртеуін жеңіспен аяқтады. Каталондық клуб «Севильяны» (5:2), «Атлетикті» (1:0), «Атлетиконы» (3:0) және «Вильярреалды» (4:1) есебімен ойсыратып, тамаша дайындығын паш етуде. Шабуыл шебі сұрапыл. Мысал үшін, қазіргі «Барселона» тұрақты түрде 3 және одан да көп гол соғып, ойынды толық бақылауда ұстайды. Допқа иелік ету мен қысым көрсетуі тұрғысында қазір Ханси Флик шәкірттеріне теңесетіндер кемде-кем.

«Ньюкасл Юнайтед»

«Сауысқандар» соңғы кезде тұрақсыздығымен танылуда - соңғы бес матчта екі жеңіс, бір тең ойын мен екі жеңіліс. Әйтсе де «Ньюкасл» испаниялық алпауытқа қарсы тәуір ойнай алатынын апта бұрынғы ойында дәлеледі. Команда бүгін де қорғаныста жинақылық танытып, жылдам қарсы шабуылдарға сүйенетін шығар?!

  •  «Барселона» соңғы 5 матчтың 4-ін жеңді
  • Каталондықтар соңғы 5 ойынның 3-де кемінде 3 гол соқты
  • Алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталды
  • «Ньюкасл» соңғы 5 матчтың 4-де гол жіберді
  • «Барселона» өз алаңында 17 матч қатарынан жеңіске жетіп келеді

Біздің болжам

«Барселона» жағында өз алаңының артықшылығы бар. Каталондықтар позициялық шабуылда мен жалпы ойынды бақылауда ұстаса, қонақтар қарымта шабуылдарға үміт артады. Осының барлығын ескере келе «Барселонаның» жеңісі деген нұсқа ойнап кете ме деп болжаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×