37 жастағы Роберт Левандовский “Сельтаға” қарсы ойында хэт-трик жасап, рекорд орнатты.
“Барселона” командасы Ла Лиганың 12-турында “Сельтада” қонақта болып, 2:4 есебімен жеңіске жетті. Аталған ойында поляк Роберт Левандовский кезекті 3 голын соқты. Сол арқылы ол соңғы 10 маусымда ең көп хэт-трик жасаған шабуылшылар көш басын бастады.
“Барселона” ойыншысына 26 хэт-тригін тіркеу үшін жалпы алғанда 556 матч қажет болды.
Соңғы 10 маусымда ең көп хэт-трик жасаған шабуылшылар:
1. Роберт Левандовски (“Барселона”) — 556 матч, 26 хет-трик.
2. Гарри Кейн (“Бавария”) — 558 матч, 25 хет-трик.
3. Криштиану Роналду (“Аль-Наср”) — 413 матч, 23 хет-трик.
4. Лионель Месси (“Интер Майами”) — 451 матч, 23 хет-трик.
5. Килиан Мбаппе (“Реал”) — 536 матч, 23 хет-трик.
6. Эрлинг Холанд (“Манчестер Сити”) — 296 матч, 21 хет-трик.