13 желтоқсан күні «Барселона» президенті Жоан Лапорта Туринде Мино Райоламен кездесті, деп хабарлайды Sport.es.
Дереккөздің хабарлауынша, дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холандтың «Барселонаға» ауысу мүмкіндігін талқылаумен қатар, Лапорта мен Райола «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погба мен «Пари Сен-Жерменнің» жартылай қорғаушысы Хави Симонстың болашағына тоқталды.
Футболшылардың өз клубтарымен келісім-шарттары жақында аяқталуына байланысты каталониялық команда оларды еркін агент ретінде қатарға қосқысы келеді. «Барселонаның» тәлімгері Хави жартылай қорғаушылардың жеткілікті болғанына қарамастан, Погбаның ауысуына қарсы емес. Симонс клубтың басты трансферлік мақсаты емес, бірақ ойыншы өз келісімін берсе, «Барселона» бұл ойыншыға да келісім-шарт ұсынады.
Кездесу барысында Жоан Лапорта Мино Райоладан шабуылшы Эрлинг Холандтың ауысуы үшін талап етілетін комиссия мөлшерін азайтуды сұраған. Сонымен қатар нораегиялықтың Хави бастаған жаңа жобаның маңызды бөлігі болатынына уәде берді.
Біздің серіктес: FONBET