«Барселона» президенттігіне үміткер: «Месси жаңа келісімшартқа отыру үшін жалақысын қысқарту қажет»

07.11.2020, 16:44
Мессидің бұл шешіммен келіспейтіні анық.
«Барселона» президенттігіне үміткер: «Месси жаңа келісімшартқа отыру үшін жалақысын қысқарту қажет»

"Барселона" президенттігіне үміткер Тони Фрейшаның айтуынша, Лионель Месси мен клубтың басқа ойыншылары келісімшартты ұзарту үшін жалақыларын қысқартулары керек.

"Мессимен біз тыныш, бетпе-бет сөйлесетін боламыз. Сондай-ақ келісімшартты жаңартатын барлық ойыншылар үшін біз ұсыныс жасаймыз, бұл, әрине, осы уақытқа дейін болған шарттарға сәйкес келмейді, өйткені табыс айтарлықтай төмендеді және басқа формуланы табу қажет болады", - деді Фрейша El Curubito-ға берген сұхбатында.

Месси "Барселонаның" намысын 2003 жылдан бері қорғап келеді. Футболшы командамен бірге 34 кубок жеңіп алды. Өткен трансферлік терезеде аргентиналық шабуылшы клубтан кеткісі келді, бірақ ойы жүзеге аспады. Мессидің клубпен келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×