"Барселона" Испан Ла-лигасының 31-турында "Атлетик" Бильбаоны қабылдады. Ойынның 71-минутында Лео Мессидің пасынан Иван Ракитич есеп ашты. Одан кеін матчтың ең соңғы минуттарында Ансу Фати қақпа бағанын бір тексеріп алды. Минималды есеппен жеңіске жеткен "Барселона" турнирлік кестенің бірінші сатысына шықты. Енді олар "Реалдың" сүрінгенін тілейді. Ал кеше туған күні болған Зинедин Зиданның шәкірттері бүгін түнде өз алаңында "Мальоркамен" кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET