«Барселона» Ракитичті сатпақшы

03.08.2020, 01:02
Небәрі 10 миллион еуроға сатпақшы
«Барселона» Ракитичті сатпақшы

Mundo Deportivo хабарлауынша, каталондық «Барселона» «Севильяға» жартылай қорғаушы Иван Ракитичті он миллион еуроға сатуға дайын.

Бұған дейін 32 жастағы хорват футболшысы болашақта «Севильяға» оралғысы келетінін мәлімдеді, ол жерден 2014 жылы «Барселонаға» ауысып келген болатын. «Барселона» құрамында Ракитич 309 матч өткізіп, 35 гол соқты, төрт дүркін Испания чемпионы, Испания Кубогының төрт дүркін жеңімпазы, 2015 жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Испания чемпионатының соңғы маусымында каталондықтардың жартылай қорғаушысы 31 матчта бір гол соғып, үш голдық пас берді. Футболшының «Барселонамен» келісімшарты 2021 жылға дейін жарамды.

Бұрын клуб деңгейінде Ракитич «Шальке» мен «Базельде» ойнаған. Хорватия құрамасы үшін ол 100-ден астам матч өткізіп, 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×