«Барселона» Роберт Левандовскимен келіссөздер жүргізуде

08.04.2022, 17:36
Поляк шабуылшысы үш жылдық келісім-шарт талап етуде.
«Барселона» Роберт Левандовскимен келіссөздер жүргізуде

«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын каталондық «Барселонада» жалғастыруы мүмкін.

Sport.es порталының хабарлауынша, каталондық клубтың басшылығы футболшының агенті Пини Захавимен екі рет кездескен. Келіссөздердің нәтижелі өрбуіне «Барселона» президенті Жоан Лапорта мен Захави арасындағы жақсы қарым-қатынас себеп болды.

Левандовскидің өзі Испанияға қоныс аударуға қарсы емес. Поляк шабуылшысы әлі де жоғары деңгейде ойнап жүргендіктен, үш жылдық келісім-шарт талап етуде.

Бұған дейін мюнхендік клуб Робертке келісім-шартты бір жылға ғана ұзартуды ұсынған болатын. Сол себепті Левандовскидің «Бавария» басшылығымен қарым-қатынасы нашарлады. Тараптар арасындағы қазіргі келісім-шарт 2023 жылдың жазында аяқталады.

Осы маусымда поляк шабуылшысы Бундеслиганың 28 ойынынада 31 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×