«Барселона» Рональд Куманның болашағына қатысты шешім қабылдады

04.06.2021, 21:30
Куман қазірдің өзінде екі ойыншыны командаға қосып үлгерді.
«Барселона» Рональд Куманның болашағына қатысты шешім қабылдады

"Барселонаның" президенті Жоан Лапорта клубты келесі маусымда Рональд Куманның жаттықтыратынын растады.

"Біраз ақылдаса келе, біз Куманмен ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдадық. Оның клубпен жарамды келісім-шарты бар", - деп келтіреді каталондық команданың Twitter-дегі ресми парақшасы Лапортаның сөздерін.

Куман "Барселонаны" 2020 жылдың тамызында қабылдады. Осы маусымда каталондық клуб 79 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. "Атлетико Мадрид" Испания чемпионы атанды. Мадридтік "Реал" 84 ұпаймен екінші орын алды.

Бұған дейін егер Куман командадан кетсе, клуб оған 5,8 миллион еуро, сондай-ақ жаттықтырушының жылдық жалақысын, яғни 7,2 миллион еуро төлеуі керек деп хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×