«Барселона» Серджино Дестті бельгиялық қорғаушыға алмастыруы мүмкін

27.01.2022, 21:06
Дест каталониялық клубтың көңілінен шықпады.
«Барселона» Серджино Дестті бельгиялық қорғаушыға алмастыруы мүмкін

Дортмундтық «Боруссияның» қорғаушысы Тома Менье мансабын Ла Лигада жалғастыруы мүмкін. «Барселона» 30 жастағы ойыншыға қызығушылық танытып отыр, деп жазды журналист Жерар Морено.

Дереккөздің хабарлауынша, клубтар арасындағы келісімге каталониялық клубтың қорғаушысы Серджино Дест кіруі мүмкін.

Менье 2020 жылдан бері «Боруссияда» ойнап келеді. Ойыншының клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметі бойынша ойыншының нарықтық құны 9 миллион еуроны құрайды.

Менье Бундеслиганың осы маусымында 16 ойынға қатысып, екі гол соқты, төрт нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×