"Барселона" шабуылшысы Мартин Брейтуэйттің дриблингі (видео)

22.02.2020, 21:25
"Барселона" шабуылшысы Мартин Брейтуэйттің дриблингі (видео)

"Барселона" осы аптада Мартин Брейтуйэтті "Леганестен" 18 миллион еуроға сатып алды. Ендігі келісім-шарты 2024 жылға дейін жарамды. Жалпы "блауграна" неге Ла Лигада 18-орында тұрған команданың шабуылшысын сатып алды? деген сауалдар жиі қойылып жүр. Ал ресми таныстырылым кезіндегі мына бейне материалды көрсеңіз сіздің де аталған сауалды қуаттайтының анық.

Мартин Брейтуэйттің дриблингі.

Айта кетейік, Осман Дембеле мен Луис Суарес жарақатына байланысты қатардан шығып қалған соң Ла Лига басшылғы Каталон ұжымына трансфер аяқталса да шабуылшы сатып алуға 15 күн уақыт берген-ді.

Биылғы маусымда Мартин 24 ойын өткізіп, 6 доп салған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×