«Барселона» спорттық директорды қызметінен босатты

17.11.2021, 21:18
Оның орнын Карлес Пуйоль басады деп болжануда.
«Барселона» спорттық директорды қызметінен босатты

"Барселона" клубының спорттық директоры Рамон Планес қызметінен кетті. Қос тарап тағы екі жылға жарамды келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы мәмілеге келді, деп хабарлайды каталондық клубтың сайты.

Бейресми ақпарат бойынша, Планес Хавидің бас бапкер болып тағайындалуына байланысты клубтан кету туралы шешім қабылдаған.

Каталондық клуб оның орнын басатын мамандарды іздестіруде. Бұл лауазымға басты үміткерлердің бірі ретінде "Барселонаның" аңыз футболшысы әрі бұрынғы капитаны Карлес Пуйоль қарастырылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×