«Барселона» стадион атауын өзгертпек

09.02.2022, 15:30
Каталондық клуб жаңа компаниямен келісім-шарт жасасты.
«Барселона» стадион атауын өзгертпек

Барселона Spotify компаниясымен келісім-шарт жасасуына байланысты стадион атауын өзгертеді, деп хабарлайды RAC1 порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, енді каталондық команданың жаңа стадионы «Camp Nou Spotify» деп аталатын болады.

Клуб пен аталмыш компания үш жылдық келісімге қол қойды. Соған сәйкес, Spotify алдағы үш маусымда «Барселонаға» 280 миллион еуро төлеуі тиіс. Компанияның атауы жаттығу жейдесінің артқы жағына жазылады деп күтілуде. Келісім-шарт келесі маусымнан бастап күшіне енеді.

«Барселона» қазір Ла Лигадағы 23 ойыннан кейін 38 ұпай жинап, төртінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×