"Барселона" Испания құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Ансу Фатимен келісім-шартты ұзартқысы келеді.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап жақын арада бес жылдық келісім-шартқа қол қояды. Каталондық клуб Фатидің агенті Жорже Мендешпен барлық мәселедерді шешіп қойды. Футболшының өтемақы құны 1 миллиард еуроны құрайды.
"Барселона" алдағы уақытта Гави, Усман Дембеле және Рональд Араухомен де келісім-шартты жаңартатын болады.
Айта кетейік, 18 жастағы Фати жарақатына байланысты маусымның бастапқы бөлігін жіберіп алды. Оныншы нөмірді иеленген футболшы 4 матчқа қатысып, 2 гол соғып үлгерді. Оның қазіргі келісім-шарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET