«Барселона» түлегі «Қайраттан» Рпл командасына ауысты

31.01.2023, 01:34
«Барселона» түлегі «Қайраттан» Рпл командасына ауысты

Камерундық Маки Баньяк "Нижний Новгород" сапын толықтырды.

Футболшы ресейлік клубта жалға ойнамақ.

Жарақат алған Маки өткен маусымның тең жартысын лазаретте өткізген болатын. Ол "Қайратта" бар болғаны 8 ойын ғана өткізді.

Камерундық "Барселона" түлегі. Ойыншы бұл ұжымның екінші командасында 43 рет алаңға шыққан екен. Баньяк өз мансабында "Сарагоса", "Любляна" және "Партизан" командаларының жүйесінде болып қайтқан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×