"Барселона" - Уефа Суперкубогінің жеңімпазы атанды

12.08.2015, 15:17
"Барселона" - Уефа Суперкубогінің жеңімпазы атанды
zy9A2syIwnU  Бұл трофей Чемпиондар Лигасының жеңімпазы "Барселона" мен Еуропа Лигасының жеңімпазы "Севилья" арасында өтті. Тбилисидегі Борис Пайчадзе атындағы "Динамо-Аренада" өткен матч "драмалық матчта" каталондық "Барселона" 5-4 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 3-ші минутында Эвер Банега айып соққысын сәтті орындап, "Севильяны" алға шығарған. Артынша "Барселонаның" лидері Лионель Месси 7-ші және 16-шы минуттарда белгіленген айып соққыларын голға айналдырды. Ал 44-ші минутта Луис Суарестің пасынан кейін Рафинья есепті еселеп, 3:1-ге жеткізді. 52-ші минутта Серхио Робертодан доп алған, Луис Суарес "Севилья" қақпасына төртінші голды салды. Бірақ "Севилья" берілмеді. Матчтың 57-ші минутында Хосе Антонио Рейес есепті 4:2-ге, 72-ші минутта Кевин Гамейро пенальтиді сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты. Алаңға тыңнан қосылған Евгений Коноплянка 81-ші минутта "Барселона" қақпасына төртінші голды тоғыта білді. Осылайша негізгі уақыт 4:4 есебімен тең аяқталып, шотландиялық төреші Уильям Коллам 30-минуттық экстра-тайм тағайындады. Сол уақыта алаңға тыңнан қосылған Педро 114-ші минутта "Севилья" қақпасына гол салып, жеңісті жұлып әкетті. Луис Энрике шәкірттері мынандай құраммен алаңға шықты: Марк-Андре Тер Штеген, Даниэл Алвес, Жерар Пике, Хавьер Маскерано (Педро Родригес, 93), Жереми Матье, Серхио Бускетс, Иван Ракитич, Андрес Иньеста (Серхи Роберто, 63), Рафинья (Марк Бартра, 78), Луис Суарес, Лионель Месси. "Барселона" бұған дейін УЕФА Суперкубогін 1992, 1997, 2009 және 2011 жылдары жеңіп алған. Биылғы жеңісімен каталондық клуб рекордтық көрсеткішке ие болған "Миланға" жетті. "Севилья" мынандай құраммен алаңға шықты: Бету, Коке, Адиль Рами, Гжегош Крыховяк, Бенуа Тремулина, Эвер Банега, Микаэль Крун-Дели, Висенте Иборра (Мариано, 80), Хосе Антонио Рейес (Евгений Коноплянка, 68), Витоло, Кевин Гамейро (Чиро Иммобиле, 80). "Севилья" осымен УЕФА Суперкубогінің матчына төртінші рет қатысып, үшінші рет жеңіліп отыр. Бұған дейін 2007 және 2014 жылдары жеңілген болатын. Тек 2006 жылы ғана УЕФА Суперкубогін жеңіп алды. Ерден НҰРАХМЕТ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×