«Барселона» Варшавада футбол мектебін ашты

11.09.2011, 00:44
«Барселона» Варшавада футбол мектебін ашты

Кешегі өткен баспасөз конференциясында жоба директоры Чеви Марче мен каталониялық клубтың бұрынғы қорғаушысы Хулио Альберто Морено Варшава қаласында футбол мектебін ашқандары туралы мәлімдеді.

Бұл Еуропа жеңімпаздарының кәрі құрлықтағы тұңғыш футбол мектебі болып саналады.  Осыған дейін «Барселона» футбол академиясын Жапония, Мысыр, Гонконг, Перу және БАӘ елдерінде ашқан еді

Тұсауы жаңа кесілген Польшадағы мектепте 6-12 жас аралығындағы 1000 шақты бала жаттыға алады. Өздерін жақсы қырынан көрсете білгендер үшін оқу-жаттығуын Испанияда жалғастыруға мүмкіндік бар.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×