"Барселона" - "Вильярреал" 5:0

30.08.2011, 18:54
"Барселона" - "Вильярреал" 5:0
Испания чемпиондары «Барселона» кеше Камп Нау стадионында «Вильярреал» қақпасына жауапсыз бес гол соғып, біріншілікті айқын жеңіспен бастады. Әрі бұл ойында каталондық клубқа Дани Алвеш, Пике, Максвел, Адриано, Пуйоль сынды қорғаушылар көмектесе алмады, Хави мен Давид Вилья да алғашқы минуттан ойнамай, қосалқы құрамда қалған болатын. Естеріңізге сала кетсек, «Барселонаның» негізгі қарсыласы «Реал Мадрид» та сырт алаңда «Сарагосоны» 0:6 есебімен жеңіп, тізе бүктірген еді. "Барселона" - "Вильярреал" - 5:0 (2:0) Голдар: Т. Алькантара 25', Фабрегас 45', Санчес 47', Месси 52', 74' "Барселона": Вальдес, Абидаль, Бускетс, Маскерано, Кейта, Т. Алькантара, Иньеста (Хави 56'), Фабрегас (Джонатан 70'), Санчес, Месси, Педро (Вилья 67') "Вильярреал": Лопес, Ориоль, Мусаччио, Сапата, Гонсало, Марчена, Кани (Вакасо 58'), Бруно, Валеро (Камуньяс 50'), Нилмар (Сенна 56'), Росси Ескертулер: Сапата 21', Маскерано 34', Фабрегас 34', Cанчес 48', Вакасо 84', Марчена 88'. Есет Төлеш
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×