«Барселона» «Ювентус» шабуылшысына көз тікті

31.12.2021, 16:01
Каталондық клуб «Атлетикоға» шабуылшы үшін 35 миллион еуро төдеуі керек.
«Барселона» «Ювентус» шабуылшысына көз тікті

«Барселона» «Ювентус» сапында жалдау шарты бойынша ойнап жүрген «Атлетико» шабуылшысы Альваро Моратаға қызығушылық танытуда. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, «Барселонаның» бас бапкері Хави 29 жастағы испаниялық футболшымен сөйлесіп, каталондық клуб басшылығынан оны сатып алуды сұраған екен.

Catalunia Radio басылымының мәліметіне сенсек, «Ювентус» пен «Барселона» шабуылшы Альваро Моратаның трансфері туралы нақты мәмілеге келген. Енді каталондықтар «Атлетикомен» келісімге келуі керек. Мадридтік клуб шабуылшы үшін 35 миллион еуро сұрауда.

Айта кетейік, Мората 2020 жылдың қыркүйегінен бері «Ювентуста» жалда ойнап жүр. Осы маусымда Мората Италия чемпионатында 15 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Чемпиондар лигасында төрт ойынға қатысып, екі гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×