«Барселона» жаңадан келген ойыншысын 60 миллион еуроға сатудан бас тартты

04.08.2020, 16:17
Тринкау Каталониялық клубта келесі маусымнан бастап өнер көрсететін болады.
«Барселона» жаңадан келген ойыншысын 60 миллион еуроға сатудан бас тартты

Sport.es сайтының хабарлауынша, «Барселона» 20 жастағы шабуылшы Франсишку Тринкаумен қоштасуды жоспарлап отырған жоқ.

Дереккөздің хабарлауынша, «Барселона» Португалиялық ойыншыны 60 миллион еуроға сатып алуға дайын болған премьер-лиганың командасынан ұсыныс алды. Алайда «Барселона» бұл ұсыныстан бас тартты, өйткені клуб ойыншыға сенеді. Тринкау құрамды жасарту жоспарының бір бөлігі болып табылады.

"Барселона" Тринкауды қыста «Брагадан» 31 миллион еуроға сатып алып, маусымның соңына дейін Португалия клубына жалға берген болатын. Ойыншының "Барселонамен" келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін әрекет етеді, ао шабуылшының трансферлік құны 500 миллион еуродан асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×