«Барселонада» бүлік шықты. Футболшылар Сетьенге сенбейді

29.06.2020, 18:48
Негізі көрген адамдардың айтуынша кішігірім ерегес болыпты. Қайта, арты төбелеске ұласпаған.
«Барселонада» бүлік шықты. Футболшылар Сетьенге сенбейді

"Сельта" - "Барселона" арасындағы матч аяқталысымен киім шешетін бөлмеде айқай-шу орын алған. Матчтың 2:2 тең аяқталғаны футболшыларға ұнамаған. Себебі, Сетьеннің тактикасы дұрыс еместігін сезіп шыққан. Ал Кике Сетьен футболшыларға ұрысқан. Алайда, футболшылар бапкерге мына тактиканы өзгертпесек, ештеңе де жеңбейміз деп талап қойыпты. Алдағы уақытта ойында бір өзгеріс орын алар деген үміттеміз.

Ал кеше "Эспаньолді" 1:0 жеңген "Реал" турнирлік кестенің бірінші сатысына шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×