«Барселонадағы» президент сайлауы қашан өтеді?

28.01.2021, 19:10
Бұл қызметке нақты үш үміткер бекітілді.
«Барселонадағы» президент сайлауы қашан өтеді?

"Барселона" ресми сайтында президент сайлауының қашан өтетінін жариялады. "Барселона" басшысын сайлау 7 наурызға жоспарланған.

Сайлау бұған дейін 24 қаңтарда өтеді деп жоспарланған болатын. Каталония билігі клубқа эпидемиологиялық жағдай сайлаушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік бермейтінін айтты.

Жоан Лапорта, Виктор Фонт және Тони Фрейша клуб президенттігіне үміткерлер болып бекітілді. Эмили Руссо мен Аугусти Бенедито сайлаудан шеттетілді.

Өткен күзде Хосеп Мария Бартомеу нашар нәтижелер мен команда капитаны Лионель Мессимен жанжалдасқандықтан сынға ұшырап, "Барселонаның" президенті қызметінен кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×