«Барселонадан» жеңіліп қалдық

12.04.2012, 05:30
«Барселонадан» жеңіліп қалдық
Испанияның Барселона қаласында Mediterranean International Cup, яғни қазақша аударғанда Жерорта теңізі халықаралық кубогі деп аталатын жасөспірімдер арасындағы доп додасы басталды. Әлемнің азулы футбол клубтарымен бірге бұл турнирге биыл тұңғыш рет қазақ балалары да қатысуда. Осымен он екінші жыл қатарынан ұйым­­дастырылған дәстүрлі турнирге «Реал», «Барселона», «Манчестер юнай­тед», «Арсенал», «Аякс» сынды футбол клуб­тарының жеткіншектерімен бірге биыл Ал­матының «Қайраты» да доп тебеді. 14 жасқа дейінгі балалардың арасында сынға түсетін «Қайраттың» бүлдіршіндері өзде­рінің турнирдегі алғашқы ойынын өткізіп те үлгерді. Дода қожайындары «Бар­сел­о­на­мен» кездескен жерлестеріміз 0:3 есе­бімен жеңіліп қалды. Енді жас «қай­рат­тықтар» Финляндияның «Вантаа» және Ис­­панияның «Леида Еспортио» ко­ман­да­ларымен кездеседі. Жалпы, ақпарат көздеріне сүйенсек, Бар­селонаға барлығы 40 елден 220 клуб жи­­налыпты. Футболшылардың саны бес мың­ға жуық көрінеді. Турнир сәуірдің 9-­ына дейін жалғаспақ. Ойындарға қонақ ре­тін­де Лионель Месси, Сеск Фабрегас, Херард Пи­ке, Серхио Бускетс (бәрі де – Барселона), Мар­село (Реал), Абу Диаби (Арсенал), Лу­кас Лейва (Ливерпуль) сынды футбол­шылар ша­қырылған екен. Автор: Асфендияр ЖАНАДІЛ алаш айнасы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×