“Барселонаға” Рунидің өзі келеді

“Копенгаген” командасының вингері Руни Бардегджи каталондық “Барселона” сапына ауысуға жақын. 

“Барселонаға” Рунидің өзі келеді

19 жастағы жас ойыншы медициналық тексерістің алғашқы кезеңінен сәтті өтіпті.

Әйгілі инсайдер Фабрицио Романо, швед шабуылшысының “Барселонамен” бірге Азиядағы турларға аттанатынын тілге тиек етті. 

Бас бапкер Ханси Флик Бардегджидің әлеуетін жоғары бағалауда екен. Неміс маманы Руниді бастапқы құрам ойыншысы ретінде елестетуде.  

“Копенагаген” мен “Барселона” вингердің трансфері бойынша екі жақты келісіп қойды. Каталон ұжымы жас футболшы үшін Дания клубына 2 млн еуро төлейтін болады. Осы аптада, Бардегджи ресми түрде Барса ойыншысы атанады деп күтілуде.

Руни “Копенгаген” командасында 16 жасында дебют жасаған. Содан бері вингер даниялық ұжымда барлығы 84 матч өткізіп, 15 гол соқты. 

Айта кетейік, Бардегджи шабуылдың оң қапталында өнер көрсетеді. Бұл дегеніміз Руни “Барселонада” Ламин Ямалмен тікелей бәсекелес атанады деген сөз. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Барселона
Aladop Youtube
×