УЕФА 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Уэльс құрамалары арасындағы ойынға төрешілерді тағайындады.
Қазақстан — Уэльс матчы 4 қыркүйекте Астанада өтеді. Ойынды Испаниядан келген төрешілер бригадасы Алехандро Эрнандестің жетекшілігімен өткізеді. Оның көмекшілері — Хосе Наранхо мен Диего Санчес. Төртінші төреші — Хосе Луис Мунуэра, бейнетөреші — Сесар Сото, бейнетөрешінің көмекшісі — Алехандро Муньис Руис.
Айта кетейік, испаниялық төреші бір апта бұрын ғана «Леванте» - «Барселона» арасындағы матчты жүргізген еді. Сондай-ақ, оған Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі екі ойын сеніп тапсырылған болатын.