"Барселонаның" шабуылшысы Педро Лопес Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Ференцварошқа" қарсы матчтан кейін жанкүйерлерді таң қалдырды.
Венгриялық командамен болған кездесу 17 жастағы футболшы үшін кәрі құрлықтың басты турниріндегі алғашқы дебюті болды. Сонымен қатар, Педри тиімді әрекетпен көзге түсті. Алаңға 62-минутта шығып, 20 минуттан кейін ол қарсыластар қақпасына гол соқты. Матч 5:1 есебімен каталондық клубтың пайдасына аяқталды.
Командаластарынан басты айырмашылығы, Педри матч өтіп жатқан "Камп Ноу" стадионынан кетудің ең қарапайым әдісін таңдады. Кездесу аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң жанкүйерлер таксидің стадионнан шығып бара жатқанын байқаған, ал сол көлікте отырған Педри оларға бас бармағын көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET