“Барселонаның” бұрыңғы бапкері Хави қай команданың тізгінін ұстауы мүмкін екені белгілі болды

15.06.2025, 10:00

Хави бапкерлік мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы The Athletic хабарлады.

“Барселонаның” бұрыңғы бапкері Хави қай команданың тізгінін ұстауы мүмкін екені белгілі болды

Басылым мәліметінше, Хавиға "Аль-Ахли" клубы қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ клуб "Тоттенхэмнің” бұрыңғы бапкері Ангелос Постекоглуға да хабарласқан.

Команданың қазіргі бапкері Яйссленің "Аль-Ахли” клубымен келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды. Дегенмен, ол клубтың жаңа келісімшарт бойынша бірнеше ұсынысын қабылдамаған. Осы себепті клуб өзге үміткерлермен келіссөзді бастап кеткен. 

Еске салсақ, Постекоглу маусым аяқтала сала "Тоттенхэмдегі" қызметінен айырылып қалған. Ал Хави 2024 жылғы мамырда "Барселонадан" кеткеннен бері жұмыссыз жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×