«Барселонаның» соңғы мүмкіндігі

16.08.2020, 16:53
Алдағы күндері көптеген шешімдер қабылданатын болады.
«Барселонаның» соңғы мүмкіндігі

«Барселона» Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Бавариядан» 8:2 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Осы масқара жеңілістен кейін каталониялық клубта бірқатар өзгеріс орын алуы мүмкін. Оның біріншісі бас бапкер Кике Сетьен қызметінен қуылады. 

Одан да маңыздысы көшбасшы ойыншы Лионель Месси де командадан кетуі мүмкін. 

Футболшы клубтың басқару жүйесі мен басшылығынан көңілі қалғанын айтады. Месси командадан 2021 жылдың маусымында, клубпен келісімшарт мерзімі аяқталған кезде кетуі мүмкін.

Егер команда басшылығы түбегейлі өзгеріс енгізіп, жағдайды түзесе ғана аргентиналық шабуылшы шешімін өзгертуі мүмкін.

Айта кетейік, Месси бастаған "Барселона" соңғы бес жылда Чемпиондар лигасында топ жарған жоқ.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×