“Барселонаның” жас жұлдызы рекорд орнатты

20.04.2025, 15:30

"Барселона" клубының жартылай қорғаушысы Педри "Сельтаға" қарсы өткен матчта керемет ойын көрсетіп, допты тартып алу бойынша маусым рекордын орнатты

“Барселонаның” жас жұлдызы рекорд орнатты

"Squawka" порталының мәліметінше, Испаниялық футболшы қарсыластан допты 17 рет тартып алған, бұл – қазіргі Ла Лига маусымындағы ең жоғары көрсеткіш.

Бұған қоса, Педри – осы маусымда кемінде екі рет яғни 2+ ойында 15 және одан көп допты тартып алған жалғыз футболшы. Сонымен қатар, ол маусымда 200-ден астам рет  (209) допты тартып алған алғашқы ойыншы атанды.

Аталған ойында "Барселона" 1:3 есебінен камбэк жасап, жеңіске жетті. Қазір "Каталондықтар” 73 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр, ал "Сельта" 43 ұпаймен сегізінші орында.

Келесі турда 22 сәуір күні “Барселона” өз алаңында “Мальоркамен”, ал 23 сәуірде “Сельта” “Вильярреалды” қабылдайды.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×