Бартомеу: «Ерте ме, кеш пе Хави «Барселонаның» бапкері болады»

13.07.2020, 16:37
Зиданға лайықты бәсекелес табылайын деп тұр
Бартомеу: «Ерте ме, кеш пе Хави «Барселонаның» бапкері болады»

«Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу Хави «Барселонаның» бас бапкері қызметін міндетті түрде алады деген пікір білдірді.

«Ерте ме, кеш пе, Хави « Барселонаның» жаттықтырушысы болады. Алайда, қазір біз жаңа бапкер іздемейміз. Біз Сетьенмен біргеміз. Бізде өте атипті маусым болды, біз тамыз айында да ойнаймыз, ол кезде де Сетьен жұмысында қала бермек. Егер «Наполиді» жеңсек, біз Лиссабонда боламыз», - деді Бартомеу Goal-ға берген сұхбатында.

Бұған дейін Хави «Барселонаны» басқаруға ниет білдірді деген ақпарат шыққан болатын. 40 жастағы Хави - "Барселонаның" түлегі. Ол футболшы болған кезде 17 жыл бойы Каталондық клубтың намысын қорғаған. Мансабының соңында экс-жартылай қорғаушы төрт жыл «Аль-Садда» өткізді, былтыр ол команданың жаттықтырушысы лауазымын алып, оны Катар кубогында жеңіске жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×