Бартомеу: «Месси ешқашан жалғыз қалмайды»

26.07.2020, 22:30
Мессидің жанында әрдайым ең үздік ойыншылар болды дейді.
Бартомеу: «Месси ешқашан жалғыз қалмайды»

«Барселона» президенті Хосеп Бартомеу шабуылшы Лионель Мессидің клубтағы рөлі туралы айтты.

«Мен "Барселонаның" барлық ойыншыларымен байланыстамын. Ойыншыларда мәселелер немесе сұрақтар туындаған кезде, мен олармен сөйлесуге дайынмын. "Барселона" әрқашан жоғары мақсаттарға ұмтылады. Біз құрамдағы керемет ойыншылармен көптеген титулдарды жеңіп алдық. Ал Месси «Барселонаны» жалғыз өзі сүйреп жатыр деген пікірге келетін болсақ, мен мұнымен келіспеймін. Ол ешқашан жалғыз болған емес. Біз әрдайым тарихтағы ең мықты ойыншының айналасына бәсекеге қабілетті әлемдегі үздік деген футболшылардан тұратын команданы жинайтындай етіп жоспарлаймыз», - дейді Бартомеу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×