Бартомеу: «Месси мансабын «Барселонада» аяқтағысы келеді»

09.07.2020, 15:03
«Барселона» футбол клубының президенті Жозеп Бартомеу шабуылшы Лионель Мессимен келісімшарт мерзімі ұзартылатынын айтты.
Бартомеу: «Месси мансабын «Барселонада» аяқтағысы келеді»

Испаниялық Movistar сайтына берген сұхбатында Бартомеу Месси командада қалады деп мәлімдеді. 

"Мен келіссөздер туралы (жаңа келісімшарт туралы) егжей-тегжейлі айтпаймын. Бірақ ол мансабын «Барседонада» аяқтағысы келетінін бірнеше рет айтқан болатын."

"Қазір біз маусымның нәтижелеріне баса назар аударып отырмыз, көптеген ойыншылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Месси «Барсада» ойнауды жалғастырып, мансабын осы жерде аяқтағысы келеді", - деді Бартомеу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×