Башқортстан ұжымы бүгінде басым болды

“Ахмат” командасы УФА ұжымымен жолдастық кездесу өткізді.

Башқортстан ұжымы бүгінде басым болды

Белектегі 4 кездесуінде Станислав Черчесов командасы 1:2 есебімен жеңілді. “Ахматтықтардың” ойындағы жалғыз голын жартылай қорғаушы Папа Амади Гадио соқты. 

Айта кетейік, отандастарымыз Ғалымжан Кенжебек бұл кездесуді бастапқы құрамда бастап, ойынның 60 минутында өз орнын босатты. Ал Макс Самородов екінші таймда кездесуге қосылды. Өкінішке қарай, ел құрамасының қос ойыншысы аталған матчта нәтижелі әрекет тіркей алмады.

Еске салсақ, “Ахмат” ұжымы бұған дейін Түркиядағы жаттығу жиындарында Нови Пазар (0:1, жеңіліс). ОФК Белград (3:0, жеңіс) және Вардар (1:0, жеңіс) командаларымен бақылау ойынын өткізді. Грозныйлықтар Белекте 10 қаңтардан бері тәжірибесін жетілдіріп келеді. Алдағы уақытта Станислав Черчесов командасы тағы бір спаринг қарсыласпен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×