«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин Конференциялар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі грузиялық «Торпедо» Кутаисиге қарсы жауапты ойынды қортындылап, пікірін айтты (1:1).
«Ең жағымсызы – команданың ары қарай өте алмағаны. Бұл матчтағы жалғыз қортынды осындай. Өйткені, командаға басқа ешқандай бір ерекше айып таға алмаймын. Қақпаға бағытталған бірінші соққыдан кейін-ақ оп-оңай гол жіберіп алдық та жағдайымызды қиындатып алдық. Ал ары қарай не болғанын бәрі көрді – мұндай деңгейдегі футболшылар іске асыратын, гол салатын мүмкіндіктер болды. Біз бүгін қақпаға 25 соққы жасадық, ал қарсылас 3... Әдетте қақпаға 15-тен аса соққы бағыттаудың өзі де тамаша саналады. Ал бізде 25 соққы және гол соға алмаймыз... Бұл көптен бері жалғасып келеді. Бізге салқынқанды, мүмкіндікт мүлт жібермейтін шабуылшы керек деп келемін. Бірақ тағы да қайталап айтайын, бүгін командаға көрсеткен ойыны үшін ешқандай айыбым жоқ, олар барын салды. Бірақ, бүгін ары қарай Кутаиси өтсін деп Жаратқан шешкен шығар. Басқа ештеңе айта алмаймын», - деді А. Мартин шымкенттік клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
Қос кездесу қортындысында «Ордабасы» 4:5 есебімен ұтылып, турнирден шет қалды.