Маусым басталғалы бері алпауыттарға сес көрсетіп келе жатқан Жезқазғандық "Ұлытау" клубында үлкен трансферлік төңкеріс пісіп-жетілді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Елдар Аманбаевтың мәліметі бойынша, команданың бас бапкері Нұркен Мазбаев жазғы үзілісте құрамды шұғыл күшейтуді көздеп, клуб басшыларына нақты шарт қойды.
Маман ел біріншілігіндегі жоғары мақсаттарды орындау үшін құрамның қазіргі деңгейіне толық қанағаттанбай отыр. Мазбаев команданың әлеуетін арттыратын сапалы орындаушыларды іріктеп қойған.
"Жезқазғандық клубтың бас бапкері басшылықтан тез арада үш жаңа трансфер жасауды сұрады. Қазіргі уақытта бұл маңызды мәселе клуб жетекшілерінің үстелінде қаралып жатыр.” – деп жазады дереккөз.
"Ұлытау” үшін маусымның алғашқы бөлігі өте сәтті өтті деуге толық негіз бар. Артта қалған 11 турдың қорытындысы бойынша, Жезқазғандық ұжым турнирлік кестеде бесінші орынды иеленіп, үздіктердің өкшесін басып тұр.