Басты фавориттің шешуші сәті

13.06.2012, 21:34
Басты фавориттің шешуші сәті

Дания - Португалия

Алғашқы ойында жеңіске жетіп, елдің барлығын таң қалдырған дат динамиті бұл жолы Роналдуларға қандай сый дайындап тұр екен. Қорғаныста жинақы өнер көрсететін Данияға бұл кездесуде шабуылдағанды жақсы көретін португалдарға тоқтау салу қиындау болатын шығар. Өткен ойында португалиялықтар немістерді өте қарқынды түрде шабуылдаған да болатын бірақ, кейбір сәттерде сәттілік жетіспеді. Нани мен Роналду бұгінгі кездесуде алғашқы турнирдегі ұпайға қол жеткізулері керек. Есеп 0-2.

Голландия - Германия

Бүгінгі күннің ең маңызды кездесуі осы ойын. Голландия Даниядан жеңіліп қалып, жағдайды өздері құртып алды. Енді қалған екі азулы қарсыласты жеңу керек. Негізі "қызғалдақтарға" бұл ойындарда жеңіске жету үшін тек сәл ғана жинақырақ ойнау қажет. Дат қақпасына жиырма соққы бағыттап, бір гол соға алмай кеткен голландиялықтар немістерге қарсы кездесуде ұтылмайтын шығар деген сенім бар. Егер осы кездесуді жеғңлер болса онда турнирдің басты фавориті жарысты ерте аяқтауы әбден ықтимал. 2-1

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×