УЕФА Суперкубогы үшін өткен кездесудің басты қаһарманы, мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Иско, кезінде англиялық "Манчестер Юнайтедке" ауысуы мүмкін болған. 2013 жылы сол кезде "Малаганың" сапында өнер көрсетіп жүрген 25 жасар испаниялықтың ойынын бақылауға келген "қызыл сойқандардың" скауты: "Исконың ойнау стильі жаман емес, алайда оның айтарлықтай жылдамдығы жоқ. Және оның басы денесіне қарағанда тым үлкен"- деп жас талантты шабуылшыдан бас тартқан .
2013 жылы "Малагадан" "галактикосқа" 30 млн евроға ауысқан Иско, мадридтіктердің сапында барлық додада 127 кездесу өткізіп 25 рет голдың авторы атанған. Және бір айта кетерлік жайт, өзінің "кремділердің" сапындағы соңғы 10 ойынында 9 голдың себепшісі болған. Соның ішінде 6 рет қақпашының қапын қалдырса, 3 рет нәтижелі пас шығарған.
Руслан Мералиев