Қазақстандық ойыншы “Динамо” командасының “Оренбургпен” болған ойында жеңіске жетуіне сеп болды.
Мәскеудегі “Лужники” стадионында өткен матчта Динамо өз қарсыласын 1:3 есебімен жеңді. Біздің отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов аталған кездесуде толық 90 минут өнер көрсетті. Және Ресей чемпионатында өткізген кездесулер санын 100-ге жеткізді.
Бұған дейін футболшы “Динамо” ұжымында - 5, ЦСКА-да - 64 және “Ростов” клубында 31 ойында алаңға шықты. Жалпы 100 матчта Батека 9 гол мен 8 голдық пас, одан тағысы 21 сары қағазбен жазаланды.
Трансфермаркет порталы Тараз футболы түлегін 2,80 млн еуроға бағалап отыр.