"Ақтөбе" Қазақстан Кубогінің алғашқы турында "Ақжайықтан" жеңіліп қалды. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.
Ойынның 41-минутында "Ақжайықтың" жартылай қорғаушысы Евгений Козлов есеп ашты. Ал 77-минутта дәл осы футболшы дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.
Алғашқы үш ұпайына қол жеткізген оралдық клуб С тобында бірінші орынға шықты. "Ақтөбе" ең соңғы орынға табан тіреді. Ал бір ұпайдан жинаған "Қайсар" мен "Астана" сәйкесінше, екінші және үшінші орындарда тұр.
Біздің серіктес: FONBET