Батыс дербиінде «Ақжайық» жеңіске жетті

12.07.2021, 01:50
Оралдық клуб өз тобында көш бастады.
Батыс дербиінде «Ақжайық» жеңіске жетті

"Ақтөбе" Қазақстан Кубогінің алғашқы турында "Ақжайықтан" жеңіліп қалды. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 41-минутында "Ақжайықтың" жартылай қорғаушысы Евгений Козлов есеп ашты. Ал 77-минутта дәл осы футболшы дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.

Алғашқы үш ұпайына қол жеткізген оралдық клуб С тобында бірінші орынға шықты. "Ақтөбе" ең соңғы орынға табан тіреді. Ал бір ұпайдан жинаған "Қайсар" мен "Астана" сәйкесінше, екінші және үшінші орындарда тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×