Батыс дербиінде «Атырау» жеңіске жетті

30.05.2021, 04:03
«Атырау» 21 ұпайы бар «Ақжайықты» қуып жетті.
Батыс дербиінде «Атырау» жеңіске жетті

"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының он төртінші туры аясында "Ақжайықты" қабылдады. Матч Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймға қосылған қосымша уақытта "Атырау" шабуылшысы Алексей Родионов есеп ашты. 58-минутта Брайан екінші голды соғып, матчтың нұктесін қойды.

Қатарынан екі мәрте Батыс дербиінде жеңіліске ұшыраған оралдық клуб турнирлік кестеде 21 ұпаймен төртінші орында қалды. 21-ші ұпайын қоржынға салған "Атырау" бір саты төменде тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×