Словакияға қарсы ойында гол соғып ерекшеленген Кристоф Баумгартнер рекорд орнатты, деп жазады Аладоп.кз.
Аустрия жартылай қорғаушысы жолдастық кездесудің небәрі 6 секундында таблодағы есепті 1:0 жеткізді. Ол қарсылас айып алаңының сыртынан қақпашының сол жақ тұсына жойқын соққы жасап, гол авторы атанды. Бұл құрамалар тарихындағы ең жылдам салынған гол болып тіркелді.
Бұған дейінгі рекорд Лукас Подольскиге тиесілі болатын. Неміс Эквадорға қарсы 2013 жылы өткен ойынның 7 секундында ғаламат голымен көзге түсті.
Словакия мен Аустрия арасындағы жолдастық кездесу 0:2 есебімен алаң қонақтары пайдасына аяқталды.
Біздің серіктес: FONBET