Бауыржан Байтана мансабын Қазақстанның басқа командасында жалғастырады

24.07.2022, 00:39
Футболшыға Премьер-лиганың көшбасшы екі клубынан ұсыныс түскен.
Бауыржан Байтана мансабын Қазақстанның басқа командасында жалғастырады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана жақын күндері «Ақтөбеге» ауысады.

Инсайдер Айдын Қожахметтің хабарлауынша, бүгін футболшы мен «Ақтөбе» ауызша мәміле жасақан. Қос тарап екі жарым жылдық келісім-шартқа сәрсенбі күні қол қояды.

«Ақтөбе» бұл позицияға бірнеше үміткерлерді қарастырған. Бірақ Андрей Карпович қазақстандық ойыншыға басымдық беру керек деп санайды. Клуб басшылығы Байтанаға үміт артып, алдағы жылдары команда көшбасшыларының біріне айналады деп сенеді.

Байтанаға «Астанадан» да ұсыныс түскен болатын, бірақ Бауыржан керемет футбол атмосферасында және табиғи алаңда ойнау үшін «Ақтөбені» таңдады.

30 жастағы футболшы биылғы маусымда «Тараз» үшін 16 ойынға қатысып, 3 гол мен 9 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×